Халық ІРО туралы

«Халықтық IPO» дегеніміз не?

IPO (Initial Public Offering) – «алғашқы жариялым ұсынысы» деп аударылады. Бұл термин қаржы операциясын білдіреді, оның барысында компания алғаш рет кең жұртшылыққа өз акцияларын сатып алуды ұсынады.

 Бағдарламаның пайда болуы

Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаев азаматтардың ірі ұлттық компаниялардың ортақ иелері болуына мүмкіндік бере алатын бағдарлама туралы бірінші рет «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде 2011 жылдың ақпан айында хабарлаған. 2011 жылдың шілде айында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесі қор нарығында еншілес және тәуелді компаниялардың акцияларын орналастыратын Бағдарламаны қабылдады. Сол жылдың қыркүйек айында Үкімет қаулысымен Бағдарлама бекітілді. Акционерлік қоғамдардың тізімі анықталды, 2016 жылға дейін кезең-кезеңмен олардың акциялары сатылымға ұсынылатын болады.

Қатысушы компаниялар

«Халықтық IPO» қатысушы компаниялар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобына кіреді. Бұл мемлекет экономикасының төртен бір бөлігі, Қазақстанның стратегиялық активтері. Бұл инфрақұрылым: мұнай және газ құбырлары, электр желілері, темір жолдар, электр станциялар, ұшақтар, теңіз флоттар. Ол жаңа зауыттардың ашылуына, өндірістердің ашылуына көмектеседі. Негізгі кәсіпорындар мемлекет бақылауында қалады – сатылымға шағын акциялар пакеті ұсынылады. Бағдарламада қатысатын компаниялар ретінде шикізатқа әлемдік бағалар конъюктурасынан қомақты тәуелдігі жоқтары таңдалды.

«Халықтық IPO» бағдарламасына үміткер-компаниялардың дайындығы басты үш фазадан тұрады:

  • Алдын-ала дайындық қаржы есеп-қисабының аудитынан, диагностика және корпоративтік басқару және тәуекелді басқару жүйелерін жетілдіруден, ішкі бақылау және аудит жүйесінен тұрады;
  • Акцияларды жайғастыруға дайындық кешенді тексеруден («due diligence»), андеррайтинг және қызмет бағасының соңғы анықтаудан, заңгерлік сүйемелдеуден (эмиссия аңдатпасының және басқа жалғаспалы заңгерлік құжаттарының дайындығы), бизнес бағасынан, маркетингілік стратегия өңдеуінен тұрады;
  • Акцияларды орланастыру – инвесторларды оқытудан, ақпараттық және инвестициялық меморандумды әзірлеуден, PR-сүймелдеуден, мәлімдеме жинаудан (алғашқы аңдатпасыны жариялау, «roadshow» көшпелі тұсаукесерін өткізуден, сұранымды талдаудан, бағаларды белгілеуден) тұрады.

«Халықтық IPO» Қазақстанда 2012 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» (ҚТО) АҚ акцияларын орналастырған сәттен басталды. Қазақстандық қор биржасында (KASE) ҚТО –ның барлығы 38 463 559 дана (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санының 10 пайызына жуық) қарапайым акциясы сатылды. Осылайша Қазақстанның 33 989 азаматы алғашқы халықтық акционерге айналды.

Бағдарлама аясында 2014-2016 жылдары мемлекеттік қатысуы бар басқа да компаниялардың: «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК»  АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ  акцияларын бастапқы орналастыру жоспарлануда.

«Халықтық IPO» бағдарламасы не үшін керек?

«Халықтық IPO» мемлекеттік кәсіпорындардың ашықтығын артыруға және олардың қызметтерінің артынан әлеуметтік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтары ғана «Халық акционерлері» бола алады. Акцияларды сатып алуда олардың құқығы басым. Екіншіден, еліміздің жинақтаушы зейнетақы қорлары құнды қағаздарды сатып ала алады. Акциялар бағаларының көтерілуін белгілеуге себеп болады.

Шағын топтардың қолдарында қағаздарды шоғырландырудан құтылу үшін, Бағдарлама «бір қолға» максималды сатылған акциялардың көлеміне шектеулер қойған, және максималды халық қамтылуы үшін «Қазпошта» АҚ желісін пайдалануда.

Акцияларды иеленушілерінің Қазақстан азаматтары ұлттық компаниялардың басқаруына ортақ болуға, соңдай-ақ акционерлердің жалпы жиналыстарында дауыс беру мүмкіндіктері бар. «Халық акционерлерінің» девиденттерге (табыс бөлігі) құқықтары бар. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ережелеріне сай, оның еншілес компаниялары (ұлттық компаниялар) өз таза пайдаларының бөлігін жыл сайын осы мақсаттарға жіберуі керек. Акцияларды иеленушілер олардың бағалық өзгерісінде пайда түсіре алады.Тәуекелдер туралы есте сақтау керек: акция бағасының өсуі де мүмкін, түсуі де мүмкін. «Халықтық IPO» Бағдарламасы жүзеге асыралғаннан бастап, халық ерікті ақшаларын салу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Ірі кәсіпорындарының акцияларын зейнетақы қорлар да сатып алуы мүмкін. Ұзақмерзімді инвестициалау үшін жақсы тәсіл, өйткені бұл азаматтардың келешек зейнетақылары.